Текст
В.П. Кузьмин атындағы Дамса орта мектебінде 28.02.2020 жылы 9 «А» сынып жетекшісі А.Т. Кенжебаева «Алғыс айту күні» тақырыбында 8 «А» - 10 «А» сынып сағатын өткізді. Оқушыларға «сыйластық» кұндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсініктер берілді. «Бастысы –алғыс айта білу……» «Жақсылық қайтар өзіңе», «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыптарында оқушылар жылы сөздермен «Рахмет» деген қасиетті сөздерді жиі қайталады. «Автограф» ойыны ойнатылды, оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.