«Ақмола облысы білім басқармасының
Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі
Дамса ауылының В.П. Кузьмин атындағы
жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер
көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
1. Жалпы ережелері
Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Дамса ауылының В.П. Кузьмин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Дамса ауылы, Велижанцев көшесі, 25 үй.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Шортанды ауданында білім беру саласында 13 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
2025 жылы білім бөлімінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында 123 мемлекеттік қызметтер көрсеттілді.
Оның ішінде:
- электрондық үкімет порталы арқылы - 99 мемлекеттік қызмет;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-0 мемлекеттік қызмет;
- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - 24 мемлекеттік қызмет;
- электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы-0 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту электрондық форматта 0 өтінім бойынша ұсынылды.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»;
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
- «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсету»;
- «Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»;
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған http://sc0015.shortandy.aqmoedu.kz/ мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланған «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде.
Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ресми интернет-ресурстар мен ақпараттық стенділерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жылы мектепте 1 тікелей эфир және мектептің ресми интернет-беттерінде 22 жарияланым өткізді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
2022 жылдан бастап білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда 13 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Білім беру саласында қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 4 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жылдың кезеңінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері
Ішкі мемлекеттік бақылау бақылау іс-шаралары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі нысанында жүзеге асырылады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша мектеп бойынша ескертулер жоқ.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру перспективалары
Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.