«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Дамса ауылының В.П. Кузьмин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа им. В.П. Кузьмина села Дамса отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану 8-9 сынып "Балаларға жүрек жылуы берілді"

Сабақ тақырыбы: «Балаларға жүрек жылуы берілді».

Құндылық: Сүйіспеншілік

Сабақтың мақсаты:

- Оқушылардың  «сүйіспеншілік»  жалпы адамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С. А.Назарбаеваның қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу, оқушылардың қоғамға пайдалы қызметтерінің нәтижесін талдау;

-  шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту;

-  өз істерінде жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға көмек көрсете білуге тәрбиелеу;

Жабдықтаулар мен материалдар:

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның суреті, бейнероликтер, презентациялар, оқушылардың өзін-өзі тану декадасы күндерінде орындаған шығармашылық жұмыстарының көрмесі, шығармашылық жұмыстарға арналған дайындамасы;

1.Жағымды күйге келу.

Оқушылар шеңбер бойынша тұрады. Барлығымыз ортаға шығып « шаттық шеңберін» құрып,бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіреміз.

Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.

1 – топ: «Қайырымдылық»

2 – топ: «Сүйіспеншілік»

3 – топ: «Жақсылық»

1-жүргізуші

Ел баласын мәпелеп саялаған
Әр баланы жан тәнімен аялаған
Біледі үлкен кіші бар еңбегін
Бала үшін күш  жігерін аямаған.

 

2-жүргізуші

Жайсаң жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман саулық тілейміз, Сара анаға - деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

1-жүргізуші

«Өзін өзі тану» пәнінің балаларға, ата аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне деген қарым қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

2-жүргізуші. Сара Назарбаева туралы бейнебаян

1-жүргізуші.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгін «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызының туған күні. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1- қыркүйегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.
2-жүргізуші.  « Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз

1-жүргізуші

«Сүйіспеншілік танытуда, жақсылық жасауда батыл болыңдар! Қиындықтарға қарамастан, бейсаналы «қаламаймын» және «қолымнан келмейді» деген кертартпаларға қарамастан өз бойларыңдағы жасампаз Сүйіспеншілікті жарыққа шығаруға тырысыңдар».С.А.Назарбаева

2-жүргізуші.  Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу ол – үлкен жүректі алыптардың ісі.  Сондай адамдардың бірі де, бірегейі де – Сара Алпысқызы. Осы орайда І.Есенберлиннің «Жақсы көру – жүректің ісі, адамды адам ететін және мәңгілік ететін – махаббат.  Ұлы ашылымдар болмаса да – бәрі бір адамзат өмір сүреді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса – ол тез арада жойылар еді.» деген сөзін айтуды жөн көрдім. Біздің Сара апамыз да – үлкен  жүректі, көкірегі нұрға толы адам.

 

1-жүргізуші Топтарға тапсырма.

Талқылау сұрақтары:

  •  Өздеріңіз Сара Алпысқызы туралы қандай мәліметтер білесіздер?1-топ
  •  Бұл кісіні «Алтын жүректі ана» деп атаудың сыры неде?2-топ
  •  Ана сүйіспеншілігінің киесі туралы қандай ой-пікір қосар едіңіздер?3-топ

2-жүргізуші. «Жан жүрек сыры».
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз жүректі жандандыру. Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру. Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен.

 

1-жүргізуші. Сара Назарбаева туралы бейнебаян.        

2-жүргізуші. Топпен ән айту. «Абзал ана»

Сөзі Жұбан Молдағалиевтікі

 Әні Александр Зацепиндікі

Солғанша гүлім көзде тұнып,
Ана деп ән салам.
Кетейін мейлі жүзге толып,
Бөбекпін мен саған.
                            Қайырмасы:
Мама, мама, мама,
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал асыл ана,
Көңілің кең дала.
Данасың сен маған,
Дарасың сен маған,
Мақтанатын, мархабатым, махаббатым!

Ардақтысың есіміңмен,

Ел ана деп адам.
Жер ана деп адам,
Тербеледі бесігіңде,
Ана жан аңсаған.
Арнадым ән саған.

Қарызбыз әжім, ақ шашыңа,
Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басы да.
                       Қайырмасы:
Мама, мама, мама,
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал асыл ана,
Көңілің кең дала.
Данасың сен маған,
Дарасың сен маған,
Мақтанатын, мархабатым, махаббатым!
                                                               

                                                               Сабақтың қорытынды сәті

1-жүргізуші.

Енді түзу  де еркін отырып, көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта айтылған ғибратты әңгімелер мен өнегелі ойлардағы ізгі қасиеттерді, адамзаттық асыл қасиеттер туралы алған білімдерімізді, сабақтан алған әсерлерімізді бір сәт көз алдымыздан өткізіп, жүрегімізге терең бойлатып, әр кез жадымызда сақтайық.

2-жүргізуші.

«Адам несімен күшті? Өзінің сүйіспеншілігімен! Біздің өміріміз сүйіспеншілікке негізделген: сүйіспеншіліктен туылып, сүйіспеншіліктен нәр алып, сүйіспеншілік үшін өмір сүреміз, махаббат Тәңір бізге берген нәрселерді сақтау үшін Сүйіспеншіліктің атымен құрыламыз, жақсылық жасаймыз, құрамыз да!» (С.А.Назарбаева) . 

Жаңартылған күні: 20.02.2020 13:19
Құрылған күні: 20.02.2020 13:19

Текст