Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында
«Абай үні, Абай лебі» атты онкүндіктің ашылу салтанаты
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін,, әндері мен қарасөздерін мәнерлеп жатқа айтқызу.
Міндеті:
Аудитория: 5 – 11 сыныптар.
Көрнекілігі: проектор, презентация, кітаптар.
Басталуы: көрініс Домбыраның үні. Сахнада Абай рөліндегі оқушы өлең жазып отырады. Абай сәлден соң, орнынан тұрып төмендегі өлең шумақтарын оқиды.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...
Құрметті менің балаларым! Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек.: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білесің. Надандық – білім – ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады. Осыны естеріңізге бек сақтаңыздар!
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, құрметті әдебиет сүйер қалың көпшілік! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай үні, Абай лебі» атты онкүндіктің ашылу салтанаты ашық деп жариялаймыз.
Ведущий 2:
У каждого народа на определенном этапе развития найдется свой гений, гордость нации, которые постоянно питают его своей живительной влагой, и творения которы выражают суть души этого народа. Таким для казахов является Абая Кунанбаев.
1-жүргізуші:
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келіп, 1904 жылы 6 шілдеде дүниеден өтті. Абайдың әкесі Құнанбай өз кезеңінде беделді адам болған. Абайдың анасы Ұлжан – ақылды, мейрімді кісі екен. Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибраһимді еркелетіп «Абай» деп атаған. Абай әжесі Зере мен Ұлжандай аналарының тәрбиесінде болған. Олардың қызықты әңгімелерін жалықпай тыңдайтын. Абай бала кезінде әкесі Құнанбай ел басқару жұмысымен айналысқан. Абайдың бойына әкесінің батылдығы, алғырлығы дарыды.
Ведущий 2:
В этом году великому мыслителю исполняется 175 лет. И несмотря на стремительно летящее время его имя будет запечатлено в вечной памяти нашего народа. Произведения Абая Кунанбаева, его труды вдохновляют молодое поколение на служение своему государству, находя глубокий отлик в их сердцах.
При коротком звучном имени Абай перед взором встает бескрайняя казахская степь... Топот копыт... Глухая песнь домбры... (слайд Абай на фоне степи)
Көрініс: әкесі Құнанбайдың Абайға таққан 3 міні. (М.Әуезов «Абай жолы»)
1-жүргізуші:
Абай туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып біліуіміз керек. Қазір сіздердің алдарыңызда мектебіміздің оқушылары ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды. ( оқушылар ортаға шығады, бірнеше өлеңдерінен үзінділерді мәнерлеп жатқа оқиды)
Ведущий 2:
Абай Кунанбаев – великий поэт казахского народа,философ –гуманист , композитор,ювелирный мастер художественного слова. Он родился 10 августа 1845 года в Семипалатинской области на склонах гор Шынгыстау, недалеко от источника Каскабулак. Изначально поэту дали имя Ибраһим. Говорят ,что наречению поэта таким именем предшествовал вещий сон его отца – Кунанбая. Во сне тот увидел великого представителя племени тобыкты – мыслителя и философа Аннет баба, который произнес имя Ибраһим.
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып,аяғын көп шалдырған,
Өлді деугет бола ма,ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған.
/Абайдың қара сөздерін оқу/
Ведущий 2:
Не для забавы я слагаю стих,
Не выдумками наполняю стих.
Для чутких слухом ,сердцем и душой,
Для молодых я свой рождаю стих.
Кто сердцем прозорлив и чуток,тот
Поймет ,что в каждый я влагаю стих.
1-жүргізуші:
Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы – заман тынысы,халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Ведущий 2:
Абай сочинил много песен. Большинство из них не были записаны и потерялись навсегда. Некоторые песни Абая в наши дни воспринимаются как народные творения.
/Абайдың әндері/
1-жүргізуші:
Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны » мақаласында « Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ», деп аса жоғары баға қояды.
Ведущий 2: Слово для поздравления предоставляется директору Дамсинской средней школы им. В.П. Кузьмина Абиловой Алтынай Сейпельевне.