1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбие сағаты.
Мақсаты:
- 1 желтоқсан - «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» мерекесін сезіне отырып, елімізде жас ұрпаққа білім беру саласында жасалып жатқан игі істер туралы мағлұмат беру;
- Республикамыздың дамуы, ондағы халықтар достығы, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің және тәуелсізділіктің құндылықтарын жеткізу;
- Ел рәміздерін қастерлеуге, заман талабына сай жан-жақты, білімді, жігерлі және Отанын, туған жерін, халқын сүйетін тұлға тәрбиелеу.
8-сынып оқушыларымен Тұңғыш Президент күніне орай сынып сағаты Уатсап желісі арқылы өткізілді. Оқушыларға слайд, бейнероликтер жіберілді. Тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, оқушылардан кері байланыс алынып отырды. Жалпы оқушылардың ел болашағы жайында, еліміздің көркеюіне қосатын үлестері жайлы сөз қозғалып ,әркім өз ойын ашық түрде жеткізді. Оқушылармен әңгімелесу аяқталғаннан соң, кері байланыс фото түрінде жіберілді.