02.05.2024 жылы Дамса орта мектебінде 5-10 сынып ата-аналарына арналған "Ата-ананың мінез-құлық стратегиялары" атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Бірінші сұрақ бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ганиваль Бахытгуль ата-аналарға "Ата-ананың қатысуын жақсартуға арналған стратегиялары" атты баяндаманы оқып,әр түрлі мәселелерге тоқталып,бірегей мектеп формасына көшу туралы айтып өтті. Сондай-ақ, ата-аналар жиналысы барысында мектеп психологы Н.Н. Гудина ата-аналарға арналған тренинг өткізді. Сынып жетекшілер ата-аналар мен балалардың ара-қатынасын жақсартуға арналған ойындар ойнатты. Жиналыс соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтты. Ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өтті.