«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Дамса ауылының В.П. Кузьмин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа им. В.П. Кузьмина села Дамса отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жыл қорытындысы - 2023

03.01.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Дамса ауылының В.П.Кузьмин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Мектептің педагогикалық ұжымы - 45 білікті маман, оның 50%-ы педагог-зерттеушілер және 87% - ы педагог-сарапшылар, жоғары білімі бар 14 педагог біздің мектептің түлектері, олар мектептің қағидалары мен талаптарын жақсы біледі және өз үлестерін қосып, аянбай еңбек етіп келеді. Ұжым шығармашыл, талантты, креативті және өз оқушыларын сапалы білім беру мен тәрбиелі тұлға қалыптастыруда үздіксіз еңбек етеді. 2023 жылды қорытындылай келе оқу-тәрбие процесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенімізді атап өткім келеді.

Жыл қорытындысы бойынша білім сапасы-65% құрайды, 11-сыныптың 14 түлегінен бір "Алтын белгі" белгі, екі оқушы "үздік" аттестатының иегері болды, 10 мектеп бітіруші түлегі жоғары оқу орындарына оқуға түсті, оның 9-ы мемлекеттік грант бойынша оқиды.

Жыл бойы мектеп оқушылары мен педагогтарымыз әр түрлі деңгейдегі байқауларға, олимпиадаларға үздіксіз қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектептің білім алушылары аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларына қатысты: "Ақбота" зияткерлік олимпиадасы, жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша, 25 қатысушықатысып, 24 жеңімпаз атанды. Бастауыш сыныптардан - 11 жеңімпаз: І дәрежелі диплом-Съезханқызы Марал, Ерболатқызы Томирис, Сұлтан Санжар, Байгуанышева Наина, Васильева Ксения, Райхерт Арина, Скуповская Элина, Гонтарь Кира, ІІ дәрежелі дипломмен -Мұрат Айзере, ІІІ дәрежелі – Образцов Илья марапатталды. Негізгі, орта мектеп оқушыларынан 13 жеңімпаз: І дәрежелі диплом : Манарбек Али, Казакевич Дмитрий, Манакова Дарья, Малиновский Мансур, Баймуканова Диана, Сатликова Ангелина, Хакимов Арлан, Соколкин Евгений, Меньшов Александр, ІІ дәрежелі диплом: Малашенко Екатерина, Әубәкірова Диана, Жексімбаева Диана, ІІІ дәрежелі - Тажахмет Даниал; "ІQanat" олимпиадасы, облыстық деңгейде Малиновский Расул 1-орынды иеленді (3 іріктеу турына және ҚР Білім министрімен кездесуге шақырылды) "Кенгуру - математика барлығы үшін" халықаралық интеллектуалдық ойын – байқауында І дәрежелі дипломмен Кузнецова Амина, Абенова Нұрайлым, Алипов Мансур, Алипова Жанерке, Нурадымбаев Берік марапатталды; Бастауыш сыныптардың жеңімпаздары: Васильева Ксения, 1-орын, Рейхерт Арина 2–орынға ие болды; Негізгі мектеп жеңімпаздары: Газиев Андрей, Хакимов Арлан, Аубакирова Диана, Баймуканова Диана.

"Алтын сақа" бастауыш сынып олимпиадасына 4 оқушы қатысып, 2 жүлделі орын - Васильева Ксения 1-орын, Байгуанышева Наина 2-орынды иеленді.

Биылғы жылы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған пәндік олимпиадаға 3 оқушы облыстық турға қатысты, математика пәні бойынша Баймуканова Диана, биология пәнінен Фердерер Ангелина, орыс тілі пәнінен Кузнецова Амина.

Пәндік олимпиаданың облыстық турынан 2 жеңімпаз олар: Петрова Екатерина - "орыс тілі" пәні бойынша 3 жүлделі орын, Тілеуғабылова Фариза 3-орын.

Мұғалімдер де конкурстардың белсенді қатысушылары мен жеңімпаздары: Пономаренко В.В., Кенжебаева А.Т., математика пәнінің мұғалімдеріне арналған "Математикалық регата"республикалық олимпиадасының жеңімпаздары атанды.

Математика пәні бойынша мұғалімдердің облыстық шығармашылық байқауында В.В.Пономаренко 2-орынға ие болды. "Алтын тұғыр" бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған байқаудың жеңімпазы Вещанская Анна Сергеевна 1-орын. Оқу жылына жоспарланған барлық міндеттер шешілген жоқ, бірақ біз алдымызда жаңа жетістіктер мен жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенімдіміз.

Просмотров: 597


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст