Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған онкүндіктің жоспары бойынша мектебімізде көптеген іс–шаралар өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Блохина Жанна Сабырбековна 8 «Б» сынып оқушыларына «Ұлттың рухани көшбасшысы» атты тарихи шолу жасап дөңгелек үстел өткізді. 9 -10 сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шермағамбетова Айнұр Ғалымжановна «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағұлматтар беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның өркендеп дамуына үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. 5 – 6 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Муратай Айна мен Мухамеджан Асель Нагашыбаевна «Ұлттың намысы мен тағдырын қорғаған ұлы тұлға» атты слайд – таныстырылым жасады. Таныстырылымдп оқушыларға ақын өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар берілді. «Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен таныстыру» атты ақпараттық қабырға газеті ұйымдастырылды.