Областной семинар классных руководителей

2019 жылы 3 сәуір күні Ақкөл ауданының Ж. Бектұрова атындағы №3 орта мектеп базасында "Тәрбие жұмысы жүйесіндегі сынып жетекшісінің қызметі" атты облыстық аймақтық семинары өтті, оған Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Егіндікөл, Шортанды аудандарының тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері мен сынып жетекшілері қатысты. Біздің мектептен семинарға сынып жетекшілері А. Т. Кенжебаева мен Р. Д. Каратаева қатысты.

Семинар сауатты ұйымдастырылып, интерактивті формаларды қолдану арқылы жоғары кәсіби деңгейде өткізілді. Семинардың теориялық бөлімін облыстық білім басқармасының оқу – әдістемелік кабинетінің тәрбие бөлімінің басшысы Ш. Қ. Қажығалиева өткізді. Шолпан Қалиевна білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйесінің өзектілігі мен ерекшеліктерін атап өтті, сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысы бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды.

Практикалық бөлімде бастауыш сынып жетекшісі Л. И. Киреева "Мектепте ата – аналар жиналысын өткізу тиімділігін арттыру мақсатында сыни ойлауды дамыту технологияларын қолдану"тақырыбында шеберлік көрсетті.

Мұрат Дариға семинарға қатысушыларды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың кейбір тиімді әдістерімен таныстырды.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И. М. Ганькевич "Сыныпта және мектепте өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру" тақырыбында  баяндама жасады.

 Семинар қорытындысы бойынша мектептегі тәрбие жұмысы жүйесінде сынып жетекшілеріне әдістемелік ұсыныстар жасалды, сонымен қатар рефлексия өткізілді. Осы семинарды ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіргім келеді.

 

Сынып жетекші: А.Т. Кенжебаева